Кабель ұрланған: Астананың бір ауданы жарықсыз қалды
Астананың Есіл ауданындағы бірнеше тұрғын үй кешені мен әкімшілік ғимараттар кабельдің ұрлануына байланысты жарықсыз қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: publicdomainpictures.net
Әлеуметтік желіде жарықтың өшірілуіне қатысты шағымдар пайда болды. Астана аймақтық электржелілік компаниясы 13 желтоқсанда "Шұбары" қосалқы станциясында 10 кВ ұяшықтар ажыратылғанын хабарлады.
"Кабель желісінің ұрлануы себеп болды. Оқиға орнында төрт жедел мобильді топ жұмыс істеуде. Қайта жалғау жүріп жатыр. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", – делінген хабарламада.
-
"Бұл біреудің тапсырысы": Уақыт белдеуі ауысқаннан кейін қазақстандықтар электр қуатына көбірек шығындалатын болған
-
Ақтөбе облысында 92 миллиард теңгеге жел электр станциясы салынбақ
Апат Есіл ауданында орын алған, атап айтқанда "Арайлым", "Премиум", "Новый мир", "Нұрсая", "Парковый" тұрғын үй кешендері және Қонаева көшесі, 7 және 31 мекенжайындағы екі әкімшілік ғимарат жарықсыз қалды.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда уақыт белдеуі өзгергеннен кейін Ресейден электр қуатын сатып алу көлемі күрт өскені туралы жазған едік.