Басты жаңалықтар
Теміртауда газ жарылып, бір адам жарақат алды (видео)
Теміртау қаласында бес қабатты үйде газ жарылып, салдарынан екі пәтердің арасында қабат опырылып түсті. Төрт адам жарақат алып, 53 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ресми мәліметке сәйкес, 16 тамызда сағат 12:08-де Металургов даңғылындағы бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде газ-ауа қоспасы тұтанып, жарылыс болды. Бөлме арасындағы қабырғалар ғана емес, төбе плиталары да опырылып түскен.
Атап айтқанда, екінші және үшінші қабаттар, сондай-ақ, үшінші және төртінші қабаттар арасындағы бірнеше пәтердің төбесі құлаған. Барлығы үш пәтер бүлінген.
"Осы кіреберістің барлық тұрғыны қауіпсіз жерге шығарылды. Барлығы 53 адам эвакуацияланды. Олардың ішінде 7 бала бар. 1989 жылы туған пәтер иесі зардап шекті және Теміртау қалалық ауруханасына жатқызылды. Жалпы, төрт адам жарақат алды", - дейді құтқарушылар.
Оқиға орнында облыстық департаменттің 22 қызметкері мен 7 техникасы барды. Жедел штаб құрылды.
Талқылау

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
Әлия мен Мәншүк "Кеңес Одағының батыры", Хиуаз Доспанова "Халық қаһарманы атанды. Бірақ есімі еленбеген, ерлік танытқан қыздарымыз көп

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Рецепиент Данияр 10 жасына келгенде ауруы асқынып, оттегі баллонын қолдануға мәжбүр болған