Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қоршаған ортаны ластауға жол бермейтін өнім: Отандық кәсіпкер экологиялық таза қап өндірумен айналысады

"Алтын арна" ұйымы – экологиялық стандартқа сәйкес геосинтетикалық материалдарды өндірумен айналысатын ірі қазақстандық кәсіпорын. Мұнда 160 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Алғаш 2011 жылы іргетасы қаланған ұйым аз уақыттың ішінде ірі кәсіпорынға айналып, Қазақстандағы жетекші компаниялармен терезі теңесіп үлгерген. Зауыт басшысы бұл жетістіктің себебін 11 жыл бойы Jusan Bank –пен серіктес болуымен байланыстырады.

2015 жылдан бастап AltynArna Geosynthetics заманауи автоматтандырылған өндірістік желілерде тек бастапқы шикізатты және ең озық технологияларды пайдалана отырып, жоғары сапалы материалдарды шығарады. Қазақстан бойынша жылына 8 мың тонна ал айына 20 вагон дайын өнім шығаратын компания басшысы Ренат Минхаиров жетістікке жету жолында кездескен кедергілер мен бағындырған асулар жайлы кеңірек айтып берді. Сөзінше, компания өндіретін жаңа экологиялық стандартқа сәйкес геомембраналар нағыз қажет дүние, олар химиялық заттардың жер асты суларымен араласып, қоршаған ортаны ластауына жол бермейді.

"Біз еліміздің экологиясын осылай қорғаймыз. Материалдарды қайта өңдейміз, оларды көптеп сақтаймыз, ешқайда көмбейміз және өртемейміз, керісінше жартылай фабрикаттарға айналдырамыз. Ал содан кейін техникалық қажеттіліктер үшін өнеркәсіпте пайдалануға дайын өнімдер жасаймыз. Біздің пакеттер биологиялық түрде шіритін және экологиялық түрде таза болуға бағытталған", - дейді кәсіпорын басшысы.

Компанияның тапсырыс берушілері - Қазақстанның құрылыс, тау-кен саласындағы ірі және орта кәсіпорындар. 
Алтын арна холдингі полиэтилен өнімдерінің кең ассортиментін шығаратын отандық өндіруші болып саналады. Кәсіпорынның негізгі қызметі – полиэтилен бұйымдарын, полиэтиленді қаптамаларды, ірі форматты термиялық шөгінділерді, сусымалы материалдарды тасымалдауға арналған вагондарға арналған полипропиленді және полиэтиленді қаптамаларды өндіру. Кәсіпорын сонымен қатар мұздатылған өнімдер мен жартылай фабрикаттарға арналған қаптамаларды, патоанатомиялық қаптарды да шығарады.

Биылдан бастап компания супермаркеттер мен базарлар үшін сөмкелер шығарумен және сатуды қолға алған.

"Геомембранды және полиэтилен бұйымдарын өндірудегі негізгі басымдықтардың бірі тек жоғары білікті өндірушілерден (Ресей, Иран, Корея) сатып алынатын шикізаттың жоғары сапасымен байланысты. Компанияның қаптарды өндірудегі басты және бірден-бір артықшылығы - өндіріске қажетті шикізатты да өзі шығарады, ал бұл өз кезегінде қаптардың құнын айтарлықтай түсіреді", - дейді компания басшысы.

Компания пакеттерді қала мен облыстағы барлық ірі супермаркеттерге, сондай-ақ базарға жеткізеді. Бұрын супермаркеттерге полиэтилен пакеттерін жеткізу Ресейден келетін, өйткені ешбір компания супермаркеттердің сұранысы бойынша штрих-кодпен қапшықтарды шығармайтын еді.

Кәсіп иесінің айтуынша, пленка өндірісінде қос және үш бұрандалы станоктар қолданылады. Ал соңында тұтынушы жоғары сапалы, төзімді әрі берік материалға ие болады.

Қазір кәсіпорын тікелей келісімшарт жасап, Ираннан шикізат жеткізе бастаған. Тиісінше компания жұмысшылары олардың шикізатымен жұмыс істеуді үйренуді жолға қойған.

"Ирандық шикізат ерекше, ресейлік стандарттағыдай емес. Мамандар кез келген шикізатты алып, техникалық регламентті таңдап, дәлірек айтсақ, оны жаңадан жасап, тапсырыс берушіге қажетті пленка дайындай алады. Әрине, бұл өте қиын, бірақ біз оны жүзеге асырып отырмыз", - деп қосты Ренат Минхаиров.

Басшылық компанияның жеке оқу орталығын ашқан. Бұл орталыққа кәсіби біліктілігі жоқ азаматтарды оқуға шақырып, оларды оқытады. Олар оқуды аяқтаған соң аттестациядан өтіп, ресми түрде сертификатқа ие болады. Сол себепті компания алдымен барлығын оқытып, содан кейін маман атанған соң ғана жұмысқа алуды дұрыс санайды.

"Компанияның басты құндылығы – қызметкерлеріне қамқорлық жасау, олардың өмірін жақсарту. Ол үшін өндіріс орындары мен еңбек жағдайлары: ыңғайлы комбинезондар мен аяқ киімдер, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін міндетті шаралар жақсартылады. 

Кәсіпорынның ішкі аурасын жақсарту арқылы біз қызметкерлердің сенімділігін арттырамыз, өйткені олар өздеріне қамқорлық жасау компанияның басты міндеттерінің бірі екенін біледі және бұл үшін біз заңнамада көзделген барлық еңбек нормалары мен шарттарын сақтаймыз", - дейді компания басшысы.

Ренат Минхаиров жас кәсіпкерлерге ақыл-кеңесін айтудан тартынбады. 

"Жас кәсіпкерлерге мемлекеттік құралдармен жұмыс істеу тәжірибеммен, әсіресе Даму ИДФ АҚ, ҚазИнвест екінші деңгейлі банктер арқылы сатылатын өнімдерді экспорттаудағы бағдарламалары туралы бөліскім келеді. Жеңілдендірілген қаржыландыруды алу қосымша қаражат есебінен жақсы және бизнесті дамытуға айтарлықтай көмектеседі", - дейді ол.

Ренат Минхаиров компанияның дамуын Jusan Bank-пен тығыз байланыстырады. 

"Біз 11 жыл бойы Jusan Bank-пен бірге жұмыс істеп келеміз. Біздің дамуымыз осы банкпен тығыз байланысты. Олар бізге несие берді. Оған бірінші экструдерімізді сатып алдық. Мұнымен тоқтап қалмадық. Бізге полиэтилен пленкасын шығаратын бірнеше желі тиесілі. Содан кейін геомембрана шығаратын желі сатып алдық", - дейді ол.
Компания алдағы уақытта көптеген жаңа қызықты жобаларды қолға алмақ. 

"Jusan Bank бұрынғыдай бізге қолдау көрсетуін жалғастырып, жаңа бастамаларымызға бағыт-бағдар береді деген ниеттеміз", - дейді компанияның қаржы директоры Нина Морозова.
Компания басшысы Ренат Минхаиров Jusan Bank-пен әлі ұзақ жылдар бойы серіктес болып, ары қарай жұмыс істейтініне сенім артады. 

"Бірге дамып, жаңа белестерге бірге жетеміз деген ойдамын", - дейді ол өз сенімін жасырмай.

Айта кетсек, соңғы үш жылда Jusan Bank ШОБ секторын 900 млрд теңгеге қаржыландырды. Мұның арқасында 175 мың жаңа жұмыс орнын ашу мүмкін болды.

 

Талқылау