Jusan Bank өрт салдарынан баспанасынан айырылған Қостанай облысының тұрғындарының несиесін есептен шығарады
Jusan Bank өрт салдарынан баспанасынан айырылған Қостанай облысының тұрғындарының несиесін кешіретін болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы банктің мәлімдемесінде айтылды.
“Jusan Bank ұжымы мен басқармасы Қостанай облысындағы апат салдарынан жақындары мен туыстарын жоғалтқан отбасыларға шын жүректен көңіл айтады. Банк ұжымы оларға барынша көмек көрсету үшін бар күшін салады”, – деді Jusan Bank өкілдері.
Банк өрт салдарынан баспанасынан айрылған облыс тұрғындарының несиелері мен олар бойынша барлық қарыздарды есептен шығарады.
Айта кетсек, 3 қыркүйекте Қостанай облысында дала өрті басталған еді. Бір күн ішінде тілсіз жау Озерный ауылына жетіп үлгерді. Бас прокуратура өртке байланысты үш қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
Ақтөбеде жасөспірімнің ата-анасы ер адамды ұлымен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсті деп айыптады
Полиция: "Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр"
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі