Израильдік футбол клубының жанкүйері достарын құтқару үшін араб тілінде сөйлеген
Тель-Авивтің “Маккаби” футбол клубының друздық-жанкүйері (арабтардың этноконфессиалды тобы) Амстердамдағы наразылық кезінде араб тілінде сөйлеп, израильдіктерді қорғап қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Times of Israel басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: france24
Мелхем Асад достарымен бірге Мадридтен Амстердамға Маккаби матчына қатысу және Израиль командасына қолдау көрсету үшін барған.
7 қараша күні болған ойыннан кейін кешке Амстердамда футбол командасының израильдік жанкүйерлеріне бірнеше жерде шабуыл жасалды. Кейбір жанкүйерлер метро станцияларынан шығып, өздері тоқтаған қонақүйлерге бара жатқанда, арабтар мен мұсылмандар тобы оларға күш көрсетіп, шабуыл жасаған.
Қала көшелерінде шабуыл басталғанда, Асад топты шатастырып, израильдік жанкүйерлерді қорғау үшін арабша сөйлеген.
"Олар мені солардың бірі деп ойлады. Мен оларға еврейлердің кетіп қалғанын айттым. Сосын олар басқа жолмен кетті", – дейді Мелхем.
ערבות הדדית בהתגלמותה -מלחם אסעד, תושב הכפר שלי כסרא-סמיע, אוהד מכבי תל אביב היה באמסטרדם
— Lorena Khateeb | لورينا خطيب (@kh_lorena) November 9, 2024
כשהתחיל הפוגרום ברחובות העיר, ובזכות התושייה שלו ניצל את העובדה שהוא דובר ערבית על מנת להטעות את הפורעים ולהציל אוהדים רבים.
גאים בך מלחם! שנזכה לחוות ערבות הדדית במשך השנה ולא רק ברגעי אסון pic.twitter.com/0iR5sOBgmQ