Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Бұлай жалғаспауы керек”: Израильде үкіметке қарсы төрт күндік наразылық шеруі басталды

Иерусалимде үкіметтің отставкаға кетуін талап еткен халық төрт күндік наразылық шеруін бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Тimesofisrael басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Times of Israel

Наразылық акциясын ұйымдастырушылар премьер-министр Биньямин Нетаньяху мен оның үкіметінің отставкаға кетуін талап еткен. Сонымен қатар наразылыққа шыққандар Израильде мерзімінен бұрын сайлау өткізуге және ел басшыларын Газада тұтқында отырған 130 тұтқынды босатуға мүмкіндік беретін келісімге келуге шақырды.

Бұл шеру 7 қазаннан бергі жасалып жатқан наразылық шараларының ең ауқымдысы болды. Ұйымдастырушылар 100 мыңнан астам адам наразыққа шыққанын айтса,  БАҚ-та 10 мыңнан астам адам қатысқан деген ақпарат тарады.

Иерусалимдегі митингіге қатысушылардың көпшілігі Нетаньяхудың әлі де билікте екеніне наразы. ХАМАС шабуылынан алты ай өтсе де сайлау өткізілмеуі дұрыс емес деп санайды наразылықшылар.

"Бізге сайлау керек. Халық билікке сенбейді”, – дейді шеруге қатысушылар. 

Наразылыққа қатысушылар Бегин тас жолын жауып, бірнеше жолға өрт қойған. Сонымен қатар Иерусалимге кірер жолды жауып тастағандар мен полицейлер арасында қақтығыс болған. Нәтижесінде бір адам тұтқындалды. Қақтығыс кезінде полиция наразылық білдірушілерге сасық су шашқан. 

Жексенбіде демонстранттар алдында сөйлеген оппозиция жетекшісі Яир Лапид премьер-министр Нетаньяхуды "зардап шеккен азаматтарға көмектесуден, коалициядағы серіктестерін көңілін табу маңызды" деп айыптады.

Наразылық жетекшісі Моше Радман Нетаньяху үкіметінің демалысқа кетуін сынға алды.

”Біз бұл сайлаудың болғанын қалаймыз. Кепілге алынғандар әлі босатылған жоқ, қазір үзіліс жасайтын уақыт емес", – еді ол. 

Өткен аптада Кнессет палатасының комитеті партиялардың қарсылығына қарамастан алты апталық үзілісті мақұлдады. Үзіліс 7 сәуірден 19 мамырға дейін жалғасады.

"Әр үш күн сайын кепілге алынған адамдар өліп жатыр. Ал үкімет 42 күнге демалысқа кетті. Бұл кепілге алынған 14 адам өледі деген сөз", – деді Радман.

Ал Нетаньяху мұндай наразылық соғыс жағдайындағы ұрыс қимылдарын тоқтататуға әкеліп соғатынын айтты. 

Полиция Меа Ширимдегі наразылық білдірушілер "жолды заңсыз жауып, тыныштықты бұзып, арандатушылық пен жергілікті тұрғындармен қақтығыс тудырды" деп мәлімдеме жасады.

Демонстрация болған жерде екі адам қамауға алынды.  Полиция олардың бірі полиция мотоциклін жерге құлатқаны үшін, екіншісі Израиль мемлекетінің туын өртегені үшін ұсталғанын хабарлады.

Осыған дейін Нова музыкалық фестиваліне шабуыл кезінде әпкесі Майя және досымен бірге ХАМАС-қа тұтқынға түскен 19 жастағы Итай Регев өзін өте қорқынышты жағдайда ұстағанын айтып берген еді.

Талқылау