Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Израиль Йемендік хуситтермен соғысуға дайын екенін мәлімдеді

Егер халықаралық қауымдастық хуситтердің теңіз кемелерін басып алуына ешқандай қарсылық көрсетпесе, Израиль Йемендік хуситтерге қарсы күресуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: CNN

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху АҚШ президенті Джо Байденмен сөйлесіп, Йемендік хуситтер Қызыл теңізде Израильмен байланысы бар сауда кемелеріне шабуыл жасап жатқанын айтты.

Израильдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Цачи Ханегби халықаралық қауымдастық хуситтердің теңіз күштерінің шабуылдарына жауап бермесе, Израильдің өзі оған қарсы күресетінін айтты.
Йемендік хусит көтерілісшілері 2014 жылдан бері Сауд Арабиясы қолдайтын коалицияға қарсы азаматтық соғыс жүргізіп келе жатқан шииттік саяси және әскери ұйым.

Еске салайық, қараша айында хуситтер Қызыл теңіздің оңтүстігінде Израильмен байланысты жүк кемесін басып алған болатын. Кейінірек олар Аден шығанағында фосфор қышқылы тиелген "Центральная парк" танкерін ұстады.

Талқылау