Израиль Сирияның Дамаск пен Алеппо әуежайларына шабуыл жасады
Израиль Сирияның Дамаск пен Алеппо әуежайларына шабуыл жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Keystone Press Agency
Агенттіктің мәліметінше, шабуыл бүгін таңертең жергілікті уақыт бойынша 5:25-те болған.
"Бүгін таңертең Израиль әскері бір мезгілде Жерорта теңізі жақтан, Латакиядан батысқа қарай және Голаннан Дамаск пен Алеппо халықаралық әуежайларын нысанаға алып, зымырандарымен әуе шабуылын жасады", – делінген хабарламада.
Сирияның көлік министрлігі әуе шабуылынан соң Дамаск пен Алеппо халықаралық әуежайларының жұмысы тоқтағанын хабарлады. Шабуыл салдарынан бір адам жараланып, бір адам қаза тапты.
Еске салсақ, бұған дейін Израиль әскерінің Газа секторын толық қоршауға алғаны туралы жазған болатынбыз.
Талқылау
"Біреулер көрсін, гей болсын демейміз": Қазақстандықтар желіде ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңды қызу талқылап жатыр
Желі қолданушысы: “Бұл биліктің назарды мәселеден басқа нәрсеге бұруы”
Үш күн ұйықтамай жасадық – Duolingo-ны басып озған Aleem қосымшасының жетекшісі
App Store-дың жалпы рейтингінде көш бастаған Aleem қосымшасының негізін қалаушымен сұхбат