Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қонақүйде 30 жігіт он алты жастағы туристі зорлаған

Израильдің Тель-Авив қаласындағы қонақүйде 30 ер адам 16 жастағы турист қызды кезек-кезек зорлаған. Олардың жетеуі қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Aurora Israel басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Lenta.ru

Ұсталғандардың барлығы кәмелетке толмағандар екені нақтыланды. Қазір олардан жауап алынып жатыр.

Оқиға маусым айының ортасында болған. Жәбірленуші қыз қалаға досымен бірге келген. Зорлағандар алкогольдік масаң күйде болған деген болжам бар.

Күдіктілердің бірінің айтуынша, олар туристің бөлмесінің есігіне тізіліп, онымен жыныстық қатынасқа түсу үшін бірінен соң бірі ішке кірген.



Бұл оқиға әлеуметтік желілер мен израильдік БАҚ-та үлкен резонанс тудырды. Елдің түкпір-түкпірінде наразылық шаралары басталды. Шерушілер сексуалдық зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейтуді талап етіп жатыр.

Премьер-министр Биньямин Нетаньяху "бұл жас қызға жасалған жай қылмыс емес, адамзатқа қарсы қылмыс" деді. Ол кінәлілерді жауапқа тартуды тапсырды. 

Айта кетейік, бұған дейін ШҚО-да уақытша ұстау изоляторында қыз зорлады деп айыпталған изолятордың бұрынғы басшысы Ақсартов 6 жылға бас бостандығынан айырылғаны туралы жазған едік. 

Талқылау