Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Израиль, ХАМАС және АҚШ бітімге келді – БАҚ

Израиль, ХАМАС және АҚШ бітімге келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Washington Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: hindustantimes.com

Басылымның хабарлауынша, келісім шарттарына сәйкес, әскери қимылдардағы үзіліс бес күнге созылады. Ол Газа секторына Мысырдан жеткізілетін гуманитарлық көмек, соның ішінде жанар-жағармай көлемін арттырады.

Сондай-ақ басылымның жазуынша, палестиналық топ ондаған кепілге алынғандарды босатуға міндеттелді. Кепілге алынғандардың алғашқы топтары жақын күндері тасымалдана бастайды. Бітімгершілікті сақтау "әуеден бақыланады".

Айта кетейік, Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс 7 қазанда таңертең басталды. Израильдегі тұрақсыз жағдайға байланысты Air Astana әуе компаниясы Тель-Авивке барлық рейсті уақытша тоқтатты. Еліміздің Тель-Авивтегі елшілігі Израильдегі жағдайға байланысты Қазақстан азаматтарына мәлімдеме жасады. Түрік оппозициясы мен Иран парламенті Израиль мен Палестинаның арасындағы әскери қақтығыста Палестинаны қолдады. Израиль қорғаныс күштері ХАМАС-қа қарсы құрлық операциясы кезінде Газа секторындағы ең үлкен Әл-Шифа ауруханасын қоршауға алғанын хабарлаған болатынбыз.

Талқылау