Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Израиль әскері Газа секторындағы ең үлкен аурухананы қоршауға алды

Израиль қорғаныс күштері Хамасқа қарсы құрлық операциясы кезінде Газа секторындағы ең үлкен әл-Шифа ауруханасын қоршауға алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Израильдік әскерилер Газа секторындағы ең үлкен аурухана Әл-Шифа ауруханасының "қақпасында тұр”. Қазір Газада Израильдің палестиналық Хамас қозғалысына қарсы жерүсті операциясы жалғасуда. ЦАХАЛ мәліметінше ХАМАС-тың астыртын штабы аурухана астында орналасқанын айтады. Палестина тарапы ауруханада жүздеген науқас қалғанын алға тартады.

Бұған дейін медициналық көмек және баспана іздеп келген мыңдаған палестиналық гуманитарлық дәліз бойымен Әл-Шифа ауруханасынан шықты. Палестина тарапының мәліметінше, соңғы үш күнде әл-Шифада 32 адам қаза тапқан.

Қазір Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) есебіне сәйкес, әл-Шифада 600-650 бейбіт тұрғын, 200-ден 500-ге дейін медицина қызметкері және 1,5 мыңға дейін босқын бар.

Бұған дейін сыртқы істер министрлігі қазір Газа секторында қанша қазақстандық бар екенін мәлімдеген еді. Бүгін Газа секторындағы қазақстандықтардың жартысы эвакуацияланды.

Талқылау