Израиль Газаның орталығындағы босқындар лагеріне шабуыл жасаған
Израиль қорғаныс күштері Газа секторының орталығындағы Нусейрат босқындар лагерінің солтүстігіне шабуыл жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Al Jazeera сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Шабуылдың салдарынан төрт адам қаза тапты. Марқұмдар көпқабатты үйде тұрған. Тағы бірнеше адам зардап шекті, құрбандардың нақты саны әлі белгісіз.
Израильдің Газа секторына жасаған соққылары салдарынан қаза тапқандар саны 35 857-ге жеткен. Ал Израильде 7 қазанда ХАМАС шабуылдарынан қаза тапқандар саны 1139-ға жетті, ондаған адам әлі тұтқында.
Еске салсақ, бұған дейін Израиль әскері Газадағы Рафахқа басып кіргені айтылды.
"Жалаңаштанып айға қарап, рәсім жасайды": Батыс Қазақстандағы бір ауылдың тағдырын жат ағым қалай өзгертті?
Мадхалиттердің 4-5 жыл бұрын депутаттық корпусқа үміткер болуға талпынғандары да болды
"Саябақтарда қонып жүрмін": 21 жастағы қазақстандық балалар үйінің түлегі дала қалды
Жетім балалар неге кәмелетке толған соң көше кезіп қалады?