Израиль әскері Газадағы Рафахқа басып кірді (видео)
Израиль әскері Газа секторындағы Рафах қаласына кірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Желіде Мысырмен шекарадағы Рафах қаласына Израиль әскерінің броньды танктерінің кірген видеосы тарады.
АҚШ президенті Джо Байден Израиль Газа секторындағы қақтығыста әлі қызыл сызықты кесіп өтпегені және Рафахта операцияны бастамағаны туралы пікір білдірген еді.
Байден Рафахты басып алатын болса, Израильге артиллериялық снарядтарды жеткізуді тоқтатамыз деп уәде берді.
Еске салсақ, бұған дейін Израиль әскері тұтқындарды ХАМАС босатпаса, Рафах қаласына басып кіретінін мәлімдеп, ескерту жасаған еді.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды