Изолятордан босатылған белорустар соққылардан кейінгі денедегі іздерін көрсетті
Наразылықтар кезінде жаппай ұсталып, тергеу изоляторларынан босатылған белорустар соққыдан қалған денедегі іздерін көрсетті. Бұл туралы NEXTA Live каналына сілтеме беріп Stan.kz хабарлайды.
Жалпы кадрларда адамдар митингке шығушыларды қорлағаннан кейін денелерінде қалған көгеру іздері, гематомалар, жараларды тіркеді. Бірқатар фотосуреттерден адамдардың беттерінен көгеру ізерін көруге болады, көздің және қастың аймағында. Басқа азаматтар аяқтарының артқы жағында соққылардың іздерін көрсетті. Көптеген азаматтардың арқа жағында соққылардан қалған ұзын жолақтарды көруге болады, бірақ ұсталғандарды нақты немен ұрғаны белгісіз.
Бұған дейін Беларусь ІІМ басшысының орынбасары Александр Барсуков тәртіп сақшылары ұсталған азаматтарды ұрды деген айыптарды жоққа шығарған болатын. 13 тамызда кешке наразылық білдірушілердің митингтерінде ұсталғандарды алып кететін Окрестин көшесіндегі Минскідегі құқық бұзушыларды оқшаулау орталығынан адамдар босатыла бастады. Азаматтар ұстаудың, қорлаудың, ұрып-соғудың және оларға заңсыз әрекеттер жасау қаупінің қорқынышты жағдайларына жаппай шағымданды.
Минскіде бас көтергендердің денесін жарылғыш заттар жұлып кетті (фото)
Беларуссияда жаппай наразылық бастамашылары Александр Лукашенконың отставкаға кетуін және жаңа президент сайлауын өткізуді талап етеді. Ресми мәліметтер бойынша, 9 тамыздағы сайлауда қазіргі Мемлекет басшысы сайлаушылардың 80 пайыздан астам дауысын жинады.
Еске салайық, Беларусь тұрғындары президенттік сайлаудың мәліметі жарияланып, оған сәйкес қазіргі президент Александр Лукашенко жеңіске жеткеннен кейін митингілер мен наразылық акциясына шықты.