Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Іздеуде болған түркиялық азамат жынысын ауыстырған: Ол Алматыда ұсталды

түркия азаматы

Фото: ІІМ

Алматыда жеңгетайлықпен айналысқаны үшін Интерполдың іздеуінде жүрген Түркия азаматы ұсталды. Ер адам жынысын ауыстырып, әйелге айналған екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетовтың айтуынша, бұл өткен жылдың қазан айында болған.

"Түркия азаматы Алматы әуежайында Баку қаласына ұшпақ болған кезде ұсталды. Уақытша ұстау изоляторына орналастырылғаннан кейін қылмыскердің жынысын ер адамнан әйел адамға ауыстырғаны анықталды. Қазір оны Түркияға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр", – деді полиция генерал-майоры.

Өткен жылы басқа елдердің құқық қорғау органдарының өтініші бойынша Қазақстанда іздеуде жүрген 690 адам ұсталды, ал биылдың басынан бері 60 адам ұсталды.

Еске салсақ, Атырау облысы Жангелдин ауылында қаза тапқан отбасы туралы резонанс тудырған істі зерттеуімен танылған "Атыраулық хакер" Түркияда Интерпол арқылы ұсталды

Қырмызы Скендирова
Жексенбі, 15 Наурыз, 2026 12:27