Тоқаев Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады
Фото: Ақорда баспасөз қызметі
17 сәуірде мемлекет басшысы Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркияға жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан президенті Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысып, панелдік сессияда сөз сөйлейді. Сонымен қатар екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған.
Анталия форумы – жыл сайын саяси көшбасшылар, дипломаттар, сарапшылар, бизнес, медиа және азаматтық қоғам өкілдері бас қосатын жоғары деңгейдегі халықаралық пікірталас алаңы.
Айта кетейік, Тоқаев Түркияға соңғы рет былтыр 29 шілдеде жұмыс сапарымен барды. Сол кезде Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен келіссөз жүргізген.
Алматылықтар үй сыртындағы тарихи тақталарды алып тастауға қарсы шықты
Желі қолданушысы: "Ғимараттардың сыртқы келбетін бұзатын кондиционерлер орнатуға, балкондарды әйнектеуге жол бермеу керек еді"
Абай облысында 180 миллиард теңге жұмсалған жол үгітіліп жатыр
Орталық: "Нысандарды пайдалануға беру және учаскелер бойынша қорытынды есептерді дайындау алдында барлық анықталған кемшілік толық жойылған"
