Түркістан облысында 8 мың тасбақа, жүздеген жылан мен кесіртке басқа жаққа көшірілді

Отырар ауданында 8 мыңнан астам тасбақа, сондай-ақ жүзден аса жылан мен кесіртке жаңа әрі қауіпсіз аймаққа көшірілді. Бұл – Қазақстанда алғаш рет жүзеге асқан ауқымды экологиялық жоба. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Қазақстан” ұлттық арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Мамандардың айтуынша, бауырымен жорғалаушылар егіс алқаптарына қоныстанған. Осыған байланысты табиғат жанашырлары оларды жинап, шамамен 10 шақырым жердегі қауіпсіз аумаққа ауыстырған. Ал жарақат алған жануарларға ветеринарлар көмек көрсеткен.
Айта кетейік, Қазақстанда тасбақаның сирек кездесетін түрлері бар. Сол себепті бұл жануарларды аулауға және жоюға заңмен тыйым салынған. Талапты бұзғандарға 13 миллион теңгеге жуық айыппұл салынуы немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.
“Tasbaqa” табиғатты қорғау қорының директоры Юлия Цауггтің сөзінше, жер қарқынды игерілген сайын жануарлар мекенінен айырылып қана қоймай, ауыр техниканың астында қалып қырылып жатыр.
Оның сөзінше, бұл жұмыс үлкен жауапкершілікпен жүргізілген.
“Яғни, жай ғана жинап, кез келген жерге апара салған жоқпыз. Дайындықты былтыр күзден бастап. көшірудің арнайы тәртібін зерттедік. Бұл жерде табиғатқа зиян келтірмеу үшін көптеген факторды ескеру қажет”, – деді ол.
Оқыңыз