Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтау қаласының тұрғыны Каспий теңізінің жағасынан ерекше тасбақа тауып алды

Ақтау қаласының тұрғыны Каспий теңізінің жағасынан ерекше тұқымдағы тасбақа тауып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Сурет видео сюжетінен скринделген

Магомед Кумыков желтоқсан айында ресми деректерде Каспий теңізінің жағасында кездеспейтін тасбақаны көргенін айтады.

"Ол шалқасынан жатты. Аяқ-қолы мен мойыны созылған. Бір қарағанда өлі сияқты көрінді. Ал оны аударып жібергенімде, қозғала бастады. Таң қалдым. Тасбақа бірден мойнын, аяғын және құйрығын ішке тартып алды. Орны етпетінен қозғап едім, теңізге қарай, алысқа ұзап кетті де, ақырын суға түсті. Әдетте олар қазір мұндай уақытта қысқы ұйқыда болады. Олардың бұл аймаққа тән емес екендігі туралы мақала таптым. Мұндай тасбақаны кездестіру – сирек құбылыс", – деді Магомед Кумыков.

Алматы зоопаркінің экзотарий бөлімінің басшысы Александр Гурнев оқиға куәгері түсірген видеоны зерттеп, қорытынды жасады.

"Бейнежазбаға қарағанда, бұл – еуропалық батпақ тасбақасы. Иә, шынында де, ресми деректер бойынша, ол Сайын Шапағатов ауданында кездеспейді. Дегенмен бұл тасбақа Каспий теңізінің солтүстік аймақтарында, атап айтқанда Атырау, Ақтөбе және Батыс облыстарында бар”, – деді ол.

Маман тасбақаның бұл жаққа кездейсоқ келуі мүмкін екенін айтады. Мәселен, адамдар бұл тасбақаны үй жануары ретінде ұстап, кейін баға алмай, босатқан болса керек.

“Қыста +15 және одан жоғары температура оң болған жағдайда, тасбақаның бұл түрі белсенді жүреді. Олар төмен температурада ғана қыстауға барады",  –  деді Алматы зоопаркінің экзотарий бөлімінің меңгерушісі Александр Гурнев.

 

Талқылау