"Іздемегенің жөн": Тәуекел Мүсілімнің әйелі күйеуіне қызығатын аруларға жауап берді
Отандық кинолардың жарық жұлдызы, актер Тәуекел Мүсілімнің әйелі оқырман қауыммен сырласты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/mahonti__/
Блогер Махаббат Мүсілім отбасы туралы бірнеше сұраққа жауап берді. Сонымен қатар Тәуекелдей жігітті қайдан іздеуге болатынын да сұрады.
“Іздемегенің жөн. Мұндай күйеудің үлгісі менде ғана бар. Аллаға шүкір!”, – деп жауап берді актердың әйелі.
Оған қоса ол болашақ жарын жолықтырғысы келетін аруларға да бірнеше кеңес айтты. Әңгіме барысында дүниеге сәби әкелгеннен кейінгі күйзелісін де айтып өтті.
“Бәрі бір Алланың қалауымен болады. Ол бұйыртса кездесіп, бақытты өмір сүресіз”, – дейді Махаббат.
“Босанғаннан кейін, күйзеліске уақыт болмады. 40 күн бойы демалмадым. Әмірмен перзентханадан шыққан бойда үйге келе салып, тірлікке араласып кеттім”, – дейді актердың жары.
Фото: https://www.instagram.com/mahonti__/
Еске салайық, Тәуекел Мүсілім отбасымен Түркия еліне көлікпен саяхаттайтынын жазған едік.