Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында Иванюшкиндер әулеті екі ғасырға жуық уақыт құқық пен заңдылықты қорғап келеді

Қарағанды полициясының тарихында өз тағдырын полициямен байланыстырған көптеген әулет бар. Олардың бірі – Иванюшкиндер отбасы. Ағайынды Василий, Владимир және Иван Ұлы Отан соғысынан кейін бірден милицияға келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: gov.kz

Соғыстан кейін қирау кезеңі, аштық болды. Заңсыз топтар өз жұмыстарын тоқтамастан жүргізіп отырды. Сол кездегі милиция қызметкерлердің жұмысы оңай болған жоқ. Тек болаттай төзім, заң пен әділетті қалыптастыруға деген ерік-жігер мен сенімділік қана қылмыспен күресте жеңіске жетуге болатын еді. Олардың есімдері біздің өнеркәсіптік аймақтың милиция тарихына алтын әріптермен жазылды.

Әкелердің ізін жалғап олардың балалары Владимир мен Василий Васильевичтер және Татьяна Васильевна да милицияда қызмет етті. Ата-аналарының ізімен олардың балалары Дмитрий мен Елена, Евгений және Анастасия да өмірін полициямен байланыстырды.
“Менің әкем Владимир, ағам мен тәтем мен үшін үлгі. Мен милиция қызметкерлерінің арасында өстім. Өскенде милиционер боламын деп армандадым”, – дейді Елена Акпарова.

Елена ішкі істер органдарына 2001 жылы негізгі қызметкердің декреттік демалысы кезінде инспектор болып келді. 2003 жылы аттестациядан өтті. Қарағанды қаласы Октябрь полиция бөлімінің ақпараттық-техникалық тобына қатардағы техник болып келді. Сол жерде болашақ күйеуі – жедел уәкіл Руслан Акпаровты кездестірді. Жас жігіт те полиция қызметкерленінің әулетінен шыққан. Еленаның жолдасы қатты науқастанып, оның өмірден озғанына он жыл уақыт болды. Елена Камилла есімді қыз тәрбиелеп отыр. Бүгінде полиция подполковнигі Елена Акпарова – Қарағанды облысы полиция департаментінің ақпараттандыру және байланыс басқармасының бас маманы. Иванюшкиндер отбасындағы жалпы еңбек өтілі 200 жылға жуық. 

Талқылау