Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

IV тоқсан: Білім министрлігі мектептегі карантинге қатысты басты сұрақтарға жауап берді 

4 тоқсан ел мектептері қалай жұмыс істейді, сабақ қалай өтеді. Осы және өзге де орта білім беруге қатысты сұрақтарға ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"IV тоқсанда өңір тәуекелі төмен немесе орташа аймақтарда болған жағдайда барлық оқушылар оқытудың аралас форматына көшеді (пәндердің бір бөлігі – дәстүрлі, бір бөлігі – қашықтан), 300 оқушыға дейінгі контингенті бар мектеп дәстүрлі жұмыс режимін жалғастырады.1 сынып – 1 кабинет қағидаты бойынша сыныптарды 25 адамнан артық емес оқытуға жол беріледі. Сабақтың ұзақтығы - 40 минут. Оқушылардың білім олқылықтарын толтыру бойынша жұмыс жалғасады. Ерекше жағдайларда (ауырған немесе науқастармен байланыста болған жағдайларда) ата-аналардың өтініші бойынша балаларды қашықтан оқыту форматында қалдыруға рұқсат етіледі", - деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. 

Оның сөзінше, мектептерде оқу процесін ұйымдастыру кезінде барлық эпидемияға қарсы іс-шаралар қарастырылатын болады. 

"Асханалардың жұмысы санитарлық эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, өңірлік Бас санитарлық дәрігерлердің келісімімен ұйымдастырылады. Міндетті мектеп формасын киюдің қажеті жоқ, сабаққа еркін және ұқыпты киімде қатысуға рұқсат етіледі. Ауысымдар бойынша сыныптар санын, сондай-ақ жекелеген пәндерді қашықтан оқытуды мектеп дербес белгілейді", - дейді ол. 

Сонымен қатар, министр орынбасары негізгі пәндерді штаттық форматта оқытуды, музыка, көркем еңбек, информатика, құқық негіздері, графика және жобалау, кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәндерін қашықтан өткізу ұсынылғанын айтты. Және дене шынықтыру сабағын таза ауада өткізуге ұсыныс берілді.

"Тәуекелі жоғары аймақта орналасқан өңірлерде оқыту форматы 1 - 5, халықаралық мектептерде 1-7 сыныптар, 9, 11 (12) сыныптар-аралас форматта, 6, 7, 8, 10 сыныптар үшін - қашықтық форматындағы жұмыс режимі  сақталады", - деді Каринова. 
 

Талқылау