Тойда еден опырылып жас жұбайлар мен қонақтар төменге құлап кетті (видео)
Италияның Пистоя қаласында үйлену тойында қонақтар билеп жатқан кезде еден опырылып, бірнеше адам зардап шекті. Халықаралық ақпарат құралдары апаттан 39 адамның, оның ішінде қалыңдық пен күйеу жігіттің 25 фут ( 7,26 метр) тереңдікке құлап кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Dailymail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: nypost.com
Оқыс оқиға конгресс орталығында Паоло Маньяни мен оның қалыңдығы Валерия Ябраның неке қию рәсімі кезінде орын алған. Тойға келген қонақтар билеп жатқанда еден опырылып, төменге түсіп кеткен. Құлаған еденнен адамдардың үстіне түскен Паоло Маньяни алғашында не болғанын түсінбей қалғанын айтты. Сондай-ақ ол тойға 150-ге жуық адам шақырғанын жеткізді.
Фото: nypost.com
Зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды. Алты адам ауыр жарақат алды. Қалғандары алғашқы емнен кейін үйлеріне шығарылды. Әлеуметтік желіде жас жұбайлардың аурухана төсегінде жатқан суреті тарап кетті. Ал, конгресс-орталықтың иелері апаттың қалай болғанын білмейміз деп жауап берді.
Айта кетейік, бұған дейін Шүберек қуыршаққа тұрмысқа шыққан Бразилия тұрғыны шүберек балалар өмірге келгеннен кейінгі қиындықтар туралы айтқан еді.