Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында тойдағы жаппай уланудан кейін қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбеде қонақтар уланған
Фото: Stan.kz

Ақтөбе облысында Қандыағаштағы мейрамханада той қонақтарының жаппай улануынан кейін қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Ведомство сонымен қатар аталған факті бойынша (санитарлық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) белгілерімен қылмыстық кодекстің 304-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын алға тартты.

"Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады", – деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаменті.

Еске салсақ, Қандыағаш қаласындағы “Тұмар” мейрамханасында өткен тойдан кейін 100-ден аса адам ауруханаға түскен болатын. Қонақтардың бәрі тамақтан уланып қалған. 

Stan.kz
Сейсенбі, 23 Маусым, 2026 16:06