Брюссельде Тоқаев кортежі түсіріліп жатқан сәтте велосипедші кездейсоқ кадрға түсіп қалған (видео)

Брюссельде велосипедші күтпеген жерден Тоқаев кортежінің түсіріліміне түсіп қалды. Видеодан өз шаруасымен асықпай келе жатқан ер адамды көруге болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президент телерадиокешенінің журналистері Тоқаевтың Брюссель көшелерімен жүріп өткен кортежін түсіріп жатқан кезде күтпеген жағдай болды.
ОқыңызТүсірілім кезінде өздігімен велосипед теуіп бара жатқан ер адам кадрға ілініп қалған. Видеодан велосипедшінің президент кортежінің алдында алаңсыз кетіп бара жатқанын көруге болады. Ол кортежге де, түсірілім тобына да мән бермеген.
Айта кетейік, Тоқаев Бельгияға ресми сапармен барды. Сапар барысында мемлекет басшысы Еуропалық кеңестің президенті Антониу Кошта және Еуропалық комиссияның президенті Урсула фон дер Ляйенмен кездесіп, келіссөздер өткізеді. Онда Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланады.
Сонымен қатар президент Бельгияның премьер-министрі Барт Де Вевермен де кездесу өткізеді.
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады