Тоқаев Брюссельге ресми сапармен барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Брюссельге ресми сапармен барды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан президентінің келуіне орай Бельгия астанасының әуежайында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді.
Тоқаевты Еуропа Одағының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Эдуардс Стипрайс пен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.

Ертең Еуропалық кеңестің штаб-пәтерінде Еуропа Одағының басшылары Антониу Коштамен және Урсула фон дер Ляйенмен екіжақты келіссөздер жүргізіледі.
Сапар аясында бірқатар маңызды бірлескен құжатқа қол қойылады.
Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев ресми сапармен Брюссельге баратыны туралы жазған едік.