Тоқаев ресми сапармен Брюссельге барады

22-23 маусымда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңестің төрағасы Антонио Костаның шақыруымен Брюссельге ресми сапармен барады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сапар барысында Еуропалық Кеңестің төрағасы Антонио Костамен және Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйенмен келіссөздер жоспарланған.
"Тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылайды", – деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысының сапар бағдарламасына Бельгия премьер-министрі Барт де Вевермен кездесу кіреді.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев ірі еуропалық компаниялардың басшыларымен Қазақстан-ЕО дөңгелек үстелінде сөз сөйлейді және бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді.
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.
Қазақстандағы және шетелдегі оқу ақысы қандай: Үздік 500 университетті салыстырып көрдік
Елдегі ең үздік университеттердің өзі былтырмен салыстырғанда төмендеп кетті