Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

IT университетіндегі ақша жымқыру фактісі: Бұрынғы ректор сегіз жылға бас бостандығынан айырылды

Алматыда Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (ХАТУ) бұрынғы ректоры Дамир Шыныбековке қатысты үкім шығарылды. Оның мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқаруына тыйым салынып, орташа қауіпсіздік мекемесінде сегіз жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

№2 Бостандық аудандық сотының судьясы Теміржан Құдабаев Дамир Шыныбековтың үкімін бір сағаттан артық уақыт оқыды. Ол 2009 жылдан бергі барлық ақша ұрлау схемаларын еске түсірді, сонымен бірге олардың қайда жұмсалғанын түсіндірді.

"Шыныбеков Дамир Қылмыстық кодекстің 189-бабында көзделген "аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену және талан - таражға салу" қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған оған мүлкі тәркіленіп және бес жыл мерзімге ғылым мен білім беру саласында басшы лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде сегіз жыл бас бостандығынан айыру тағайындалсын", - деп үкім шығарды Құдабаев.

Мерзім үкім заңды күшіне енген кезден бастап есептеледі. Шыныбековті қамауда ұстау уақыты бір жарым күннің ішінде бір күн ретінде есептелсін. Сонымен қатар, Дамир Шыныбековты барлық мемлекеттік наградалардан айырды. 

Жоғары оқу орнының бас бухгалтері Жанайым Спабекованы сот аса ірі көлемде ұрлық жасағаны және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырғаны үшін кінәлі деп таныды (ҚК-нің189 және 218-баптары). Ол орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Спабеков сондай-ақ ғылым мен білім беру саласында басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Еске салайық, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің бұрынғы бас есепшісі Жанайым Спабекова, университеттің бұрынғы ректоры Дамир Шыныбековпен бірге ірі көлемде ақша жымқырды деген айып тағылды. 

Талқылау