Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстаулық келіншек өз балаларын әкесінен күштеп алып кетпекші болған

Маңғыстау облысында кәмелетке толмаған балалар анасымен бірге тұрудан бас тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агененттігі жергілікті басылымға сілтеме жасап. 

безбүйрек ана

Желіде белгісіз әйелдің балаларды күштеп алып кетуге тырысып жатқан видео тарап жатыр. Ажырасқаннан кейін үш бала сот шешімімен анасымен бірге тұруға мәжбүр болыпты.

Әйел бұрынғы жұбайының үйіне балаларын алып кетуге келген. Бірақ кәмелетке толмаған жеткіншектер өз анасымен кетуден бас тартыпты.


Белгілі болғандай, оқиға 2 қазанда Басқұдық ауылында болған. Полицейлердің мәліметінше, жанжалдан кейін үш бала әкесінде қалып қойған. 

"Қолдау пунктіне азамат бұрынғы күйеуі сот шешіміне қарамастан балаларын бермейді деп өтініш білдірді. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор, сондай-ақ учаскелік инспектордың көмекшісі балалардың тұрғылықты жеріне барды. Егер балалар анасымен бірге кетуден бас тартса, онда ешкім оларды мәжбүрлемейді және психикасына зақым келтірмейтіні туралы ескерткен. Оған қамқоршылық бөліміне жүгінуге кеңес берілді, бірақ ол бас тартты. Балалар әкесіне оралды. Полиция қызметкерлері балалардың анасымен бірге жүргісі келмейтінін көріп, осы азаматша мен оның адвокатынан сот приставтарымен келуді сұрады", - деп түсіндірді Маңғыстау облысының полиция департаментінде.

Талқылау