"Үшінші рет шаңырақ көтердім": Мұрат Әбділда жеке өміріне қатысты шындықты айтты
Әлеуметтік желі арқылы танымал болған Мұрат Әбділда алғаш рет жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/murat_abdilda_officcial/
Желі жұлдызы бүгінде қара шаңырақта тұрып жатқанын “Абырой” бағдарламасында көрсетті.
“Ауылдағы үйге көшіп келгенімізге 20 жыл болды. Анама түсінде аян беріп, осы ауылға қоныс аударуға кеңес берген. Содан бері Түркістан облысының іргесіндегі ауылда тұрып жатырмыз. Шаңырағымыз шаттыққа толы болды. Осы жерде екі рет үйлендім. Өте тамаша кезеңдер өтті. Мен қазір ол кісілерді сағынып отырған жоқпын, десек те, бастан өткен естеліктерді айтып отырмын. Екеуімен де арамызда бала жоқ. Екінші рет үйленгенде бұрынғы әйеліммен бір жылдай ғана тұрдық. Істі болғаннан кейін тастап кетті. Қазір байланыс жоқ”, – деді әнші.
Сондай-ақ бүгінде өнер иесі үшінші рет шаңырақ көтергенін жасырмады.
“Абақтыдан шыққаныма бес ай болды. 2024 жылдың 9 қыркүйегінде шыққанмын. Содан кейін екі айдан кейін үйлендім. Үшінші рет шаңырақ көтергенім рас. Келіншегімнің аяғы ауыр. Қыз бала күтіп отырмыз. Келіншегім де перзентханаға дайындалып жүр”, – деп ағынан жарылды желі жұлдызы.
Еске салайық, түрмеден шыққан Мұрат Әбділда бір күнде миллионер атанып, желі жұлдызына айналған еді.