Испанияда қазақстандықтар криптовалютамен алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды
Испанияның Азаматтық гвардиясы қазақстандықтарды криптовалютамен алаяқтық жасады деген күдікпен ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша, ұсталғандар қатарында ұйымдасқан топтың 12 мүшесі бар. Олар Қазақстан, Молдова, Ресей және Украина азаматтары екен.
Тергеу қызметінің пікірінше, күдіктілер құны €50 асатын криптовалютамен түрлі алаяқтық әрекеттерді жүзеге асырып келген. Сонымен қатар Испания провинцияларында 20 алаяқтық операцияны іске асырған.
Тергеу Еуропалық полиция агенттігі (Еуропол) мен Интерполдың қолдауымен атқарылды.
Қазақстандық түрмелерде сотталғандар енді отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады
Қазір ел бойынша 18 мекемеде 86 видеотаксофон орнатылды
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген