Ұлданаға берілген "Ерлігі үшін" медаліне Әділеттің сіңірген еңбегі зор – Марқұмның енесі
Ұлдана Мырзуанның жесірі Әділет Зейнел мен оның анасы Эльза Ерманова Қазақстан халық партиясының YouTube арнасына берген сұхбатында марқұмның жылдық асын Ұлдананың ата-анасынсыз өткізетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әділеттің отбасы Ұлдананың жылдық асын туыстарының арасында, ата-анасынсыз өткізбек.
“Біз Ұлдананы жақсы көреміз, оны ойламақ түгілі, есімнен шығарған емеспін. Бұл бір отбасының ғана қайғысы емес, бүкілі қара жамылды”, – дейді Эльза Ерманова.
Сондай-ақ ол Ұлданаға “Ерлігі үшін” медалінің берілуіне Әділет көмектескенін атап өтті.
“Ұлдананы ауруханаға жеткізген алғашқы сәтте қылмыстық іс қозғалып, Ұлдананы ТЖМ қызметкерлерін күтпестен әрекет етті деп кінәлаған. Бұл жағдай Әділетке қатты әсер етті. Егер Ұлдананы кінәлаған қылмыстық іс туралы мақала жарияланбағанда, ол мұндай қоғамдық резонанс көтермес еді. Бүгінге дейін оның жәбірленуші мәртебесінен бас тартпай жүрген себебі де – істің ақырына дейін жетіп, Ұлдананың кінәсіз екенін және оның өз заманының нағыз қаһарманы болғанын дәлелдеу. Әділет бұл істі соңына дейін жеткізуге ниетті. Оқиға кезінде ол Ұлдананың заңды жұбайы болған. Қазір ол – марқұмның жесірі. Біз Ұлдананың отбасына ренжіген емеспіз, ашуланбаймыз да. Мен балаларыма жақсылық тілегенін қалаймын. Ұлдананың отбасы Әділетті сатқын деп ойлайды. Шындықты қабылдағысы келмейді, тыңдағысы келмейді. Ол кісілерге айтарым жоқ. Айтар болса, жараға тұз сепкендей боламын. Оларды қапаландырғым келмейді. Баламды да өлімге қимаймын”, – дейді Әділеттің анасы.
Ал Әділет қалыңдығы Жұлдызға жаман пікір жазып жатқан адамдардан бұл әрекетін тоқтатуды сұрады. Айтуынша, Жұлдыз әу баста кіммен сөйлесіп, кездесіп жүргені, болашақта кіммен шаңырақ көтеретінін білген.
“Ол бұл жағдайдан жаман ештеңе көріп тұрған жоқ. Біз Ұлдананың бір жылдық асын жоспарлап қойдық. Жақын туыстарымыздың басын қосып, ас беріп, Құран оқытамыз. Мен өзімді сатқынмын деп есептемеймін. Егер жаңа өмір бастауды сатқындық деп санаса, солай-ақ болсын. Басқа жанды сүйіп, жаңа өмір бастау – қалыпты нәрсе. Ешкімді жамандық тілемеймін. Бәрінде барлығы жақсы болсын. Ұлдананың інісі бар, сол үйленіп, бақытты болсын. Бәріне жақсылық тіледім. Қалыңдығым үйде жылап отырған кезде 8 ай бұрынғы жағдайға қайта түскендей болдым. Алаңдап, мазасызданып кеттім. Бірақ біз туралы жаман пікір жазды, бірақ бәріне бірдей ақталып отыра алмадық”, – дейді Әділет.
Ол қалыңдығын туралы түрлі болжамдар айтып, оның намысына тиген адамдарды шындықты білмей жатып, артық сөйлемеуге шақырды.
