Ислам Махачев Шавкат Рахмоновтың салмақ дәрежесіндегі титулдық жекпе-жек туралы айтты
Жеңіл салмақта UFC чемпионы Ислам Махачев Шавкат Рахмоновтың салмағында титул үшін жекпе-жекке түсуден бас тартты. Әзірге Белал Мұхаммед чемпион. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Mighty YouTube-арнасына сілтеме жаспа хабарлайды.
Фото: yahoo.com
UFC P4P (санаттардан тыс) рейтингінің көшбасшысы ұйымның екінші чемпиондық белбеуін ұтып алғысы келетінін айтты. Дегенмен ол қазіргі титул иесімен жұдырықтасқысы келмейді.
"Шынымды айтсам, Белал менің жоспарларымды бұзды. Себебі екеуміз жақын дос болып кеттік. Оның үстіне менеджеріміз бір. Қазір менің де, оның да қарсыласы бар. Бірақ болашақта не боларын кім білсін. Әлі де екі рет чемпион болсам деген арманым бар. Өз мүмкіндігімді күтіп жүрмін", – деді Махачев Mighty подкастында.
Айта кетейік, Ислам Махачев 19 қаңтарда UFC 311 турнирінде Арман Царукянға қарсы чемпиондық атағын қайта қорғайды. Белал Мұхаммедке келсек, ол соңғы рет 27 шілдеде октагонға шығып, Леон Эдвардсқа қарсы жекпе-жекте чемпион атағын жеңіп алды.
Желтоқсан айында Мұхаммед алғашқы чемпиондық атағын жеңілмеген қазақстандық Шавкат Рахмоновқа қарсы өткізуі керек еді. Белалдың жарақатына байланысты жекпе-жек өтпеді. Ал Рахмонов ирландиялық Иэн Гэрриге қарсы бес раундтық жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетті. Шавкат қазір UFC чемпионы Белал Мұхаммедке қарсы жекпе-жекке басты үміткер болып отыр.
Ultimate Fighting Championship (UFC) — аралас жекпе-жек өнерінің өкілдері арасында ең беделді саналатын америкалық лига. Ол 31 жыл бұрын құрылып, уақыт өте келе бүкіл әлемде үлкен аудиторияға ие болды.