Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ысырапшылдықты азайту керек": Ләйлә Сұлтанқызы той өткізу форматын өзгертуді ұсынды

Танымал продюсер, тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы мәһр мен қалың малдың бірігуіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://vk.com/photos381445575

БАҚ өкілі үйленуға қатысты жаңалыққа анасының да қуанып отырғанын айтты.  

“Мәһр де жоқ, тақыр да жоқ. Апам жүзік салынған бір пиала суды бәрі ішіп, неке қиятын заманның өкілі. Мәһр мен қалың малдың қосылғанын да қолдап отыр. Енді тағы ысырапшылдықты азайтсақ, иә? Өткенде "той жасадыңыздар ма, шашылдыңыздар ма, қанша кетті?" деп оқырмандардан сұрасам бола ма… Біразы қарызға белшесінен батқанын айтты. Иә, той деген береке, алыс-беріс, басқосу ғой. Дегенмен, 2-3 сағаттың артын жылдар бойы өтейміз де жатамыз.
Мысалы, тәтті шай, сырға салу, құдалық, тойды біріктірсек, оның өзі біраз үнемдеу. Сосын тойдың бәрі түсте болса қайтеді деп қоям. Асқазанды ойлап жатқаным ғой. Ұйқы да, ағза да тыныш”, – деп жазды медиа маманы. 



Еске салайық, Қазақстан мүфтияты "қалың мал" мен "мәһрды" ресми түрде біріктірген еді. 

Мүфтияттың баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы "әке еңбегі", "ана сүті" сияқты қалыңдықтың ата-анасы мен отбасына дәстүрлі сыйлықтар мәһр болып саналмайтынын атап өтті.

"Қалың мал – бұл қазақ халқының дәстүрлі салт-дәстүрлері бойынша қалыңдық үшін берілетін ірі қара мал. Фикхтің кітаптарында күйеу жігіттің қызға жиһаз сатып алу үшін берген малы "дустиман" деп аталады”, – деді ол.

Ғалымдар шариғатта "қалың малды" “мәһр” деп санауға қатысты бірнеше көзқарасы бар екенін атап өтті. "Шешім бойынша күйеуі тарапынан берілген қалың малды қыз махр ретінде қабылдап, қолдана алады", – деп жазды ол.

Талқылау