Ішкі істер министрінің қанша айлық алатыны белгілі болды
Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғынбаев пен оның орынбасарларының қанша айлық алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Фото: egemen.kz
"Еңбек сіңірген жылдары мен лауазымы ескеріле отырып, министрдің айлық жалақысы 1,3 миллион теңгені құрайды. Бұған оның жалақысы мен қосымша үстемелері кіреді. Оның орынбасарлары еңбек өтілі мен лауазымына қарай шамамен 1 миллион теңге көлемінде жалақы алады", – деп хабарланды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Министрліктің хабарлауынша, 2021 жылы айлық көтерілмеген.
Бұған төтенше жағдайлар министрі 1 миллион теңге көлемінде жалақы алатынын жариялаған еді.
Көкжайлауда тау кластерін салу үшін 2600-ден астам ағаш кесіледі: Экологтар оның ауа спасы мен температураға әсерін айтып дабыл қақты
Тұрғын: "Сонда осы ағаштарды, осы әсем табиғатты сақтап қала алмаймыз ба?”
Ақтөбе облысында 15 жастағы қызды зорлады деген күдікпен 22 жастағы көршісі ұсталды
Әпкесі: "Ол үйден қашып кеткісі келді, өзіне қол жұмсағысы келді”