Ішінде оқушылар бар: Алматы облысында ауыл мектебінің автобусы батпаққа батып қалған
Алматы облысына қарасты Қызылту ауылында балалар таситын автобус батпаққа батып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото бейнежазбадан алынған
Батпаққа батып, шыға алмай тұрған мектеп автобусына қатысты видео әлеуметтік желіде тараған. Видео авторының айтуынша, автобустың іші балаға толы.
Аталмыш оқиғаға байланысты Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі түсінік берді.
Ведомство мәліметінше, жақында Қызылту ауылының Көкжиек көшесінде су құбырын тарту жұмыстары жүргізілген.
"Осыған байланысты 20 қыркүйек күні мектеп автобусы батпаққа батып қалған. Көше негізінен қиыршық тастан тұрады. Қазіргі таңда жол қозғалысы қауіпсіздігі үшін қосымша балласт пен құм-қиыршықтас қоспасын төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мәселе бақылауда", - деп хабарлады аудандық бөлімнен.
"Өш алу үшін жасады": ҚазҰУ-да жұмыстан кеткен оқытушылардың бірі даудың қалай басталғанын айтып берді
Жұмыстан босатылған 4 оқушының біреуі сұхбат берді
"Миллиондар жоғалттым": Қазақстандықтар трейдингпен айналысамын деп сан соғып қалғандарын айтты
"500 мың теңгеге курс алып, бүкіл депозитімнен айырылдым"