Ішімдікке сылқия тойып алған: Қос ғашық дөнер дүңгіршегін терезеден кіріп тонамақ болды (видео)
10 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа ауданында түнде жас азамат пен келіншек жабық тұрған донер дүңгіршегіне терезесі арқылы кірмек болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиғаның кейіпкерлері материалдық құндылықтарды иеленеміз деп ойлаған. Алайда олар көшеде бейнебақылау болатынын ұмытып кеткен сыңайлы.
Терезеден кірген жұпқа сыртқа шығуға полиция департаментіндегілер көмектесті. Кейін олардың заңды некеде тұратыны, бұл қылмысқа ішімдік ішіп алғандықтан барғаны белгілі болды.
Ерлі-зайыптыға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Алматының ауызсуын қайнату керек пе: Судан табылған бактерияға қатысты мамандар не дейді
Қазақстан тұтынушылар ұлттық лигасының президенті Алматыдағы ауызсудан синегной таяқшасы анықталғанын растады
Қазақстан туын балконға ілуге, киімге басуға бола ма? Мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі қандай
Бұл туралы заңгер жауап берді