Ішімдік ішіп, есірткі қолданған: Алматыдағы "Алтын Орда" базарында аялдамада тұрған үш адамды көлік қағып кетті
Алматыдағы "Алтын Орда" базарының маңында аялдамада тұрған үш адамды көлік қағып кетті. Кейіннен анықталғандай көлік тізгіндеген жүргізуші ішімдік ішіп, есірткі шегіп отырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға түсірілген видео желіде пайда болды.
"Алкоголь және есірткіге мас болған 24 жастағы К. есімді ер адам "Ваз 21099" көлігін жүргізіп Райымбек даңғылымен батысқа қарай келе жатқанда, аялдама жанында тұрған үш жаяу жүргіншіні қағып кетті. Зардап шеккендер түрлі дене жарақатымен қаланың медициналық мекемелеріне жеткізілді", - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінен.
Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 1-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
"Күдікті азамат Алматы полиция департаментінің уақытша оқшаулағышына қамауға алынды", - деп мәлімдеді департамент бастығының орынбасары Рүстам Әбдірахманов.
Талқылау
Қазақстанда қант диабетінің әлеуметтік маңызы бар аурулар қатарынан алынуы дау туғызды: Енді мемлекеттік көмекті кімдер алады
Желі қолданушысы: "МӘМС-ке төлесем де дәрілерді сатып аламын"
"Қауіпті ортада жүрудің құны бар-жоғы 160 мың теңге": Қазақстандық жедел жәрдем қызметкерлері жаппай бас көтерді
Қызметкерлер ай сайын 30-45 мың теңгедей кем жалақы алып жүр