Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ішімді басып көрді": Алтынай Жорабаева жүктілігіне сенбеген адамдарға ренжулі

Танымал әнші, “Құрмет” орденінің иегері Алтынай Жорабаева жүктілігін сүйіншілеген болатын. Алайда әншінің кейбір таныстары аяғы ауыр емес деп сенбейтін көрінеді. Мұны әнші жеке парақшасында сторис бөлімінде айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әнші декреттік демалысқа кеткенін ресми мәлімдеген болатын.

“Ол әңгімені жақын құрбымнан естідім. Намаз оқитын жақын туысқандары мен араласатын адамдары “Алтынайдың аяғы ауыр емес екен. Ішіне бір нәрсе салып алыпты. Күйеуінен бала болмағасын, бала асырап алғысы келеді екен. Ет жақындарының баласын бауырына басуды жоспарлапты” деген әңгіме естідім”, – дейді әнші. 

Айтуынша, өтірік әңгімеге жаға ұстап, адамдардың пейілінен шошыған көрінеді.

“Сондай ойға қалай дәттері барады екен. Менің істейтін шаруам жоқ па?! Алла берсе, аламыз, бермесе – көреміз” деп жүрген адамдар едік. Дәл осындай ойға баратын адамдарға жаным ашып кетті. Біз ұзақ емделдік, көп дұға еттік. Міне, Алла тағала бізге сәби нәсіп еткелі отыр. Ешқандай ЭКО жасатпай, табиғи жолмен бала көтергенім рас. Жаңа Айгүл Елшібаеваны көріп қалдым. Осы әңгімені айтып берсем, ”денем түршігіп кетті” деп ол да қорқып жатыр. Ең қызығы, өтірік өсек айтып жүргендер менімен дәмдәс болған, жүзі таныс адамдар екен. Олар менің дәл қазіргі жағдайымды көрмеген шығар, бірақ сахнада жүкті екенімді көріп жүр. Сыртқы келбетімдегі өзгеріс те бәрінен хабар беріп тұрған жоқ па?! Міне, осыдан кейін ғой “исламфобия”. Өсек айтып адамның ойына келмейтін нәрсені солар айтқаннан кейін. Сондай адамдарға не деуге болады?!” – деп ренжіді өнер иесі. 

Одан кейін тойларға шыққанда да әншінің ішін басып, денесін ұстап көргендер де бар екен.

“Оқырмандарым “мән бермеңіз”, “денсаулығыңды күт” деп жатыр. Әрине, көңілге алмауға тырысамын. Бірақ гармондар ойнап тұрғасын бәрібір де ренжіп қаласың. Ең қызығы, тойларға шыққанда ішімді ұстап көретіндер бар. Денемді құшақтаған болады да, ішімді басып көреді. Аяғы ауыр ма, жоқ па дегендей. Ондай кезде қолдарын қағып немесе ұрып жіберемін. Ниетті дұрыстау керек. Өкінішке орай, сондай адамдармен де бетпе-бет келгенмін”, – дейді әнші. 

 

Талқылау