"Іс-түссіз жоғалып кетті": Навальныйды серіктестері алты күннен бері таппай жатыр
Владимир облысындағы колония қызметкерлері Алексей Навальныйдың "енді олардың тізімінде жоқ екенін" мәлімдеді. Олар оның адвокатына саясаткердің қайда жіберілгенін айтудан бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Навальныйдың баспасөз хатшысы Кира Ярмыштың X желісіне сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: amp.dw.com
Баспасөз хатшысы Владимир облысындағы №7 ерекше режимдегі түзеу колониясында Алексей Навальныйдың жоқ екенін айтты.
"Жұма күнінен бастап 6-түзеу мекемесі де, 7-түзеу мекемесі де адвокаттарға жауап бермеді. Алексейдің қайда екені әлі белгісіз", - деді Ярмыш.
Только что к адвокату вышли из ИК-6 Мелехово и сказали, что заключенный Навальный у них больше не числится.
— Кира Ярмыш (@Kira_Yarmysh) December 11, 2023
Куда его перевели, говорить отказываются
Бірнеше сағат бұрын Telegram желісіндегі "Навальный командасы" арнасында серіктестері онымен алты күннен бері хабарласа алмай жатқанын жеткізді.
"Желтоқсанның 11-і күні ол сотқа бейнебайланыс арқылы қатысуы керек еді, бірақ эфир болмады. Колония өкілдері 7 желтоқсаннан бері электр жарығы жөнделіп жатқанын айтты. Олар бізді жәй ғана мазақ етіп отыр", - деді Кира Ярмыш.
Сондай-ақ ол 8 желтоқсан күні кешке адвокаттарға Навальныймен кездесуге рұқсат етілмегенін хабарлады. Оның айтуынша, Навальныйдың адвокаттары 6-түзеу мекемесіне ғана емес, 7-түзеу мекемесіне де барған.
"Екі мекемеде де күте тұруды бұйырды. Нәтижесінде адвокаттарға кіруге тыйым салынды. Навальныйге жолықтырмай қою себебі бізге алаңдаушылық тудырып отыр. Себебі өткен аптада ол камерасында өзін нашар сезініп, басы айналып, еденге эжатып қалған еді", - деп жазды Ярмыш.
Алексей Навальный – Ресей президенті Путинді ашық сынап жүрген оппозициясының лидері. Оның "Жемқорлықпен күрес қоры" Путин мен Путиннің айналасындағы шенділердің коррупцияға қатысы бары жайлы зерттеулер жариялаған.
Айта кетейік, Алексей Навальныйды Ресей билігі 2021 жылдың ақпанында "Ив Роше ісі" деп аталатын алаяқтық үшін айыпты деп танып, түрмеге жапты. Саясаткер 2 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. 2022 жылдың наурызында Навальный алаяқтық, одан кейін судьяны қорлау бойынша кінәлі деп танылып, 9 жылға қатаң режимдегі колонияға қамалды.
2023 жылдың тамызында Мәскеу қалалық соты Алексей Навальныйды "экстремистік қауымдастық" құрды деген айыппен ерекше режимдегі колонияда 19 жылға бас бостандығынан айырды.