Ирландияда өлім жазасына кесілген ер адамға бір жарым ғасырдан кейін кешірім берілді
Ирландияда 140 жыл бұрын асып өлтірілген ер адам ақталып, оған кешірім берілді.
Сурет: National Library of Ireland
Бұл туралы Sky News басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Майлз Джойс Ирландия Республикасы құрылғанға дейін жасаған қылмысы үшін өлгеннен кейін рақымшылыққа ілінді. Оған мемлекет президенті Майкл Хиггинс кешірім берді. Президенттің мәлімдеуінше, бұл – «Ирландия және Британия тарихындағы масқара жағдай» және аталған шешім өткенде жасалған қателікті түзеуі тиіс.
Джойс 5 адамды өлтірді деп айыпталып, 1882 жылы желтоқсанда өлім жазасына кесілген. Алайда онымен бірге сотталған екі ер адам оның кінәсіз екенін айтқан. Сонымен қатар сот отырысы ағылшын тілінде өткен. Ал ирландиялық ер адам ағылшын тілін білмейді.
Ирландияның Голуэй заманауи графтығының аумағында 1 ғасырдан астам уақыт бұрын болған қылмыс мемлекетті дүр сілкіндірген еді. Бір отбасындағы 6 адамның 5-еуі өз үйінде өлтірілген. Хабарланғандай, Джойс құрбандардың кейібірімен таныс болған. Алайда оның аталған қылмысқа қатысына күмән келтірілген.
Ирландия билігі өлім жазасына кесілген Майлз Джойстың кінәнсіз екенін алғаш рет 2015 жылы мәлімдеген. Анықталғандай, оған тағылған айып жалған болып шыққан.
Оқи отырыңыз:
Ер адам AliExpress-тен сатып алған көзілдірігі үшін қылмыстық істің фигурантына айналды
Түркияда қазақстандық қыздардың құжаттарын тартып алып, секс-құлдыққа сатып келген
Мұсылман әйелдер төстартқыш үшін әйгілі дүкенде ойран салды (видео)
Үндістанда сыйлық алғанына қуанған ер адам сахнада билеп тұрған жерінде қайтыс болып кетті (видео)