Ырымшыл ер адам бір әрекетімен 148 жолаушысы бар рейсті тоқтатты
Ырымшыл ер адам ұшақтың турбинасына тиындар лақтырып, 148 жолаушысы бар рейсті тоқтатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

16 сәуірде Ван есімді қытайлық азамат Вейфаннан Хайнань провинциясының Хайкоу қаласына ұшпақ болды. Бортқа шықпас бұрын, ер адам "дұға ету" үшін қызыл қағазға оралған алты тиынды ұшақ турбинасына лақтырған.
Лайнерді ұшу алдындағы тексеру кезінде жерден дәл сол монеталар табылды - қауіпсіздік мақсатында авиакомпания рейсті тоқтатып, оны келесі күнге ауыстыруға шешім қабылдады. Әуе кемесінің барлық 148 жолаушысынан жауап алынды. Нәтижесінде Ван өзінің әрекетін мойындады және оны полиция ұстады.
Кейінірек Қытай құқық қорғау органдары ер адам монеталарды "сәттілік үшін" лақтырғанын хабарлады. Жолаушыға қандай жаза қолданғаны белгісіз.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда