Ирандық әнші Грэмми сыйлығын алған әні үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды
Ирандық эстрада жұлдызы Шервин Хаджипур Грэмми сыйлығын алған әні үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Alarabiya сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Хаджипур жазған Baraye әні 2022 жылдың қыркүйегінде 22 жастағы Махсы Аминидің өлімінен туындаған ирандық наразылық қозғалысының әнұранына айналды. Хиджабты дұрыс кимегені үшін полициялар қызды ұрып-соғып, соңында өлтірген еді. Әнші әнді бүкілхалықтық демонстрациялар кезінде шығарды және өткен ақпанда сол үшін Грэммиді жеңіп алды.
Содан кейін 71 жастағы Джилл Байден "Әлеуметтік өзгерістерге арналған ең жақсы ән" номинациясында жеңіске жеткен Хаджипурды құрметтеу үшін сахнаға шықты. Америка Құрама Штаттарының 46-президентінің әйелі композицияны "бостандық пен әйелдер құқығына арналған күшті және поэтикалық үндеу" деп атады.
Әнші Instagram парақшасында "ұлттық қауіпсіздікті бұзу мақсатында адамдарды жаппай тәртіпсіздікке итермелеп, арандатқаны үшін" үш жылға сотталғанын хабарлады. Оны "режимге қарсы үгіт-насихат жүргізді" деген айыппен соттаған.
Ол өз уақытын темір тордың ар жағында "АҚШ-тың адамзатқа жасаған зұлымдығы" туралы ән жазуы керек. Сот шешіміне сәйкес, Хаджипур Ислам революциясының "жетістіктерін насихаттайтын" іс-шараларға қатысуы керек.