Иранда Әзірбайжан елшілігіне шабуыл жасалды: Қаза тапқандар бар
Тегеранда Әзірбайжан елшілігіне шабуыл жасалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шабуыл Баку уақыты бойынша сағат 8:30 шамасында болған.
Калашников автоматымен қаруланған шабуылдаушы күзет бекетіне кіріп, күзет қызметінің бастығын өлтірді. Елшілік күзетінің екі қызметкері де жарақат алды. Олардың жағдайы қанағаттанарлық. Қазіргі уақытта бұл шабуылға қатысты тергеу жүріп жатыр.
Шабуылшы ұсталды деп хабарланды. Иран тарапы да тергеуді бастады.
Ұсталған адамның жасы 50-де. Сол кезде жанында 14 жастағы қызы мен 7 жасар ұлы болған.
"Күдікті елшілікке екі баласымен бірге кірген. Оның бұл әрекетіне жеке және отбасылық мәселелер әсер етті", – деді Тегеран полициясының бастығы Сардар Хоссейн Рахими.
Қазақстан әскеріндегі шулы істер: Сарбаздар өлімі бойынша кімдер сотталды
Қоғамда үлкен резонанс тудырған және сот үкімімен аяқталған істерді жинадық
"Үйде нан бар деп күлді": Көршісінің шелпегін алмай қойған қыздың әрекеті желіде дауға ұласты
Оқырмандардың бірі "шелпектің қандай қолмен дайындалғанын кім білсін?" деп айтқан