Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты
Дүйсенбіге қараған түні Иран президенті Ибрагим Раиси тауларда тікұшақ апатынан қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ресей СІМ
Иран президенті мінген тікұшақ Әзірбайжан шекарасына жақын Верзеганда апатқа ұшыраған еді. Тікұшақтағылардың барлығы да мерт болған дейді. Иран президенті Ибрахим Раиси мен сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиян да қаза тапқан.Сондай-ақ тікұшақта Иранның Шығыс Әзірбайжан провинциясының губернаторы Малик Рахмети және Тебриз провинциясының аятолласы Али Хашим болған.
Мұны Иранның Mehr агенттігі мен атын жасырын қалдыруды сұраған шенеунік растады.
Бұған дейін Иранның Қызыл жарты ай ұйымының басшысы Пирхоссейн Коливанд құтқарушылар апат болған жерден тірі адамды таппағанын айтқан.
Осыдан кейін ақпаратты Иранның вице-президенті Мохсен Мансури ақпаратты растап, президенттің қаза тапқанын мәлімдеді.
Бірінші вице-президент Мохаммад Мохбер елдің атқарушы функцияларын өз қолына алады. Конституция бойынша жаңа президент сайлауы 50 күн ішінде өтуі тиіс.
Әзірге апаттың ресми себебі жарияланбағанымен. Құрбандар американдық Bell 212 тікұшағында болған.
Еске салсақ, бұған дейін Иран президенті мінген тікұшақ апатты жағдайда қонғаны айтылды.