Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иран президенті мінген тікұшақ апатты жағдайда қонды

Иран президенті Ибрахим Раисимен тікұшақ Әзірбайжан шекарасына жақын Верзеган қаласында апатты түрде қонды. Бортта президенттен бөлек, елдің Сыртқы істер министрлігінің басшысы да болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі IRIB телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото Tolo News

Деректерге сай қазір құтқару топтары оқиға орнына жетуге тырысуда.

Апатқа дейін Ибрахим Раиси Әзірбайжан басшысы Ильхам Әлиевпен Аракс өзенінің жағасындағы екі елдің шекара бекетінде кездескен. Қазір әскери және полиция күштері тікұшақты іздеу үшін ауқымды операцияны бастаған. Дегенмен іздеу жұмыстарын тұман қиындатуда. 

Tolo News агенттігі апаттан кейін президенттің спутниктерінің бірінің орталыққа телефон шалғанын жеткізді. Көпшілік соған қарағанда құрбандар жоқ деп үміттенуде. 



Президент кортежінің құрамында барлығы үш тікұшақ болған. Деректерге сүйенсек, қалған екеуі аман-есен қонған.

Кейінірек Иран президентінің жағдайы жақсы екендігі және көлікпен Табризге бара жатқандығы туралы ақпарат пайда болды. Дегенмен Иран ІІМ басшысы ел президентінің зардап шекпегені туралы хабарламаны растаған жоқ. Әзірге тікелес байланыс жоқ.

Талқылау