Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Иран портында жойқын жарылыс болып, 516 адам зардап шекті

Фото: m24.ru

Иранның Парсы шығанағы жағалауында орналасқан, Бендер-Аббас қаласынан 23 шақырым батысқа қарай орналасқан Шахид-Раджаи теңіз портында жойқын жарылыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі IRIB телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Хормозган провинциясының Теңіз порттары мен кеме қатынасы басқармасы басшысының орынбасары Эсмаил Макизаде жарылыс туралы мәлімдеді.

Телеарнаның мәліметінше, отын сақталған резервуар жарылған. Порттың жұмысы толық тоқтатылды. Әзірге қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ, алайда 516 адамның зардап шеккені хабарланды.

Куәгерлердің айтуынша, жарылыстың күші соншалықты қатты болған, оны Бендер-Аббас қаласының және Кешм аралының тұрғындары да сезген.

Кейін оқиға орнында өрт шыққаны белгілі болды. Төтенше жағдайлар қызметтері өртті сөндіруге тікұшақтарды тартты. Жарылыстың салдарынан порттағы бір ғимарат қирап қалды.

Алдын ала ақпарат бойынша жарылыс қауіпті жүктер мен химикаттар сақталған қоймада болған. Оқиға орнына жақын маңдағы қалалардан 15 жедел жәрдем көлігі және төрт төтенше жағдай қызметінің автобусы жіберілді.


“Бұл – ойыншық емес, тозақ”: Ресейдің атынан соғысып, тұтқынға түсіп қалған қазақстандықтар оқиғасын айтып берді


"Бомба, мина, граната": Әуежайда қандай сөздерді айтуға болмайды


Еске салайық, бұған дейін Таиландта қазақстандық туристер мінген катер жағалауда жарылып кеткенін жаздық. Пхукет аймақтық порт кеңсесінің директоры Начапонг Пранидтің айтуынша, жарылыстың себебі қозғалтқыштағы ақау болған. Жергілікті уақыт бойынша сағат 09:00 шамасында қайық өртеніп, кейін жарылды. Деректерге сенсек, бортта тек үш экипаж мүшесі: капитан, инженер және бір экипаж қызметкері болған. Үшеуі де жарылыс қалдықтарынан күйік пен жарақат алды. Сондай-ақ үш турист пен гид жалынның ұшқындарынан зардап шекті. Жарақат алғандардың барлығы жергілікті ауруханаға жеткізілді.

Айым Атамбаева
Сенбі, 26 Сәуір, 2025 20:11
Талқылау