Ирактағы өрт: Үйлену тойында шыққан өрт салдарынан 100 адам қаза тапты
Ирактың солтүстігіндегі Ниневия провинциясында үйлену тойында шыққан өрт салдарынан 100 адам қаза тапты, 150 адам жарақат алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Куәгерлердің айтуынша, өрт жергілікті уақыт бойынша шамамен 10:45-те болған. Азаматтық қорғаныс басқармасының келтірген дерегіне сәйкес, той өткен зал өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмеген. Өрттің шығуына отшашу себеп болған. Қалыңдық пен күйеу бала аман қалғанымен, денелерін күйік шалған.
"Арзан әрі тез тұтанатын құрылыс материалдарын қолдану салдарынан өрт басталған соң бірнеше минут ішінде-ақ залдың кей бөлігі опырылып құлап кеткен", –делінген INA хабарламасында.
Премьер-министр Мұхаммад Шиа әл-Судани Ішкі істер және Днсаулық сақтау министрлеріне зардап шеккендерге көмек көрсету үшін барлық мүмкіндікті қарастыруды тапсырды.
Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына берілген 20 миллион теңгені кім алды: Әкімдік жауап берді
Марқұмның мүлкіне қатысты мәселелер заң талаптарына сәйкес нотариус арқылы рәсімделген
Астанада нөсер жаңбырдан кейін әйелдің 35 миллион теңгелік көлігі жарамсыз болып қалды
Анар Долдырина бұл жағдайға байланысты Астана әкімдігіне өтініш жолдаған