Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балалар ұзақ уақыт түрмеде отырған". Аружан Саин Ирактан эвакуацияланған балалар туралы айтып берді

ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин Ирактан оралған 14 қазақстандық балаға қатысты пікір білдіріп, шараға ат салысқандардың барлығына алғысын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сурет: @aruzhan_sain

"Бұның барлығын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Соғыста бала жүрмеуі керек, жалпы соғыс біздің өмірімізде болмауы керек. Бұл - менің өмірімдегі ең қиын сапар. Балаларды қауіпсіз жерге әкеліп, жағдай жасап берген барлық дәрігерлер, дипломаттар мен экипаж құрамына мың да бір алғыс. Әлбетте ата-аналарын тастап кету оңай емес, кішкентай балалар тыпыршығанмен, ересектері өзін салмақты ұстады. Бала болса да, жанкешті өмірден, соғыстың қиындығынан шаршағандары көрініп тұр. Түрме, соғыс деген бала аяғы басатын жер емес...Көбінесе олар аналарымен бірге түрмеде отырған, төрт қабырғадан басқа еш тіршілік көрмеген, не болып жатқанын түсінген жоқ. Шамалы уақытқа болсын, балалардың миы сергіп, тынығып қалды. Әрине барлық ауыртпашылық бір күнде ұмытыла қоймасы анық", - дейді Аружан Саин өз инстаграм парақшасында. 

Айтуынша, әуежайға келіп, ата-әжелері мен туысқандарын көргенде балалар қатты қуанып, жақындарының мейірімі мен құшақ жая қарсы алғанына сенбей аң-таң болды басында.  Кейін оларды дәрігер, психолог, басқа да мамандар қамтылған орталыққа әкеткен.

Айта кетейік, қарашаның 27-сі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Ирактан 14 қазақстандық бала эвакуацияланды. Олар террористік іске қатысы бар деп Ирак түрмесінде жазасын өтеп жатқан аналарымен бірге болған.

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Ауып кеткен үйдің тұрғындары пәтерлерін тастап жатыр

Қала әкімдігі эвакуация жасауға еш себеп жоқ дейді

Димаш Құдайберген "Ақтөбе облысының құрметті азаматы" атанды

Құрметті азаматтар қатарына облыстан 10 адам ұсынылды

"Күзетші орнына кәдімгі офицер отыру керек": Депутаттар мектеп оқушыларының қаупісіздігіне алаңдаулы

Шенеуніктер мектептердің көбінде қарапайым бейнебақылау камералар орнатылмағанын айтты

TIME журналы "Жыл адамы - 2019" жариялады

Мұндай атаққа ең жас тұлға ие болды

Әлемдік зерттеуде қазақстандықтардың білім деңгейі тексерілді

Қазақстандықтар Испания, Италия тұрғындарымен бір деңгейде

Білім және ғылым министрлігі орта білімді дамыту үшін 18 триллион теңге сұрап отыр

"Мәселенің көпшілігі бюджет мүмкіндігіне қарай шешіледі"

Ермек Тұрсынов қазақтың не себепті жылқыны әйелден артық көретінін түсіндірді

Желі қолданушыларының бірі режиссердің сөзін қолдаса, бірі түсінбестік танытты

Өзі қылмыскермен бірге тұрды: Полиция Максим Гарифуллиннің анасының пікіріне түсініктеме берді

Баланың анасы әпкесін өлтірген қылмыскермен бірге тұрған

"Құдықтың қабырғасынан ұлымның қолының ізін көрдім": Құдықтан өлі табылған баланың анасы алғаш рет сұхбат берді

Адвокаты сараптаманың сапасыз жүргізілгенін айтады

ҚР банктерін сақтау үшін миллиард доллар жұмсалмақ: Ұлттық банк түсініктеме берді

Банк активтерінің сапасын бағалау желтоқсанның соңына жоспарланған
Çàãðóçêà...