Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иракта Ислам мемлекеті жетекшісінің орынбасары ұсталды

Ирак қауіпсіздік қызметкерлері «Ислам мемлекеті» террористік тобының көзі жойылған жетекшісінің «орынбасары» ұсталғанын хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Иракта Ислам мемлекеті жетекшісінің орынбасары ұсталды

Киркук провинциясындағы Хавижа ауылында полиция Абу Хальдун есімді содырды паналаған пәтерден ұстады, деп хабарлайды Ирак қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметі.

Қарулы адамда Шаалян Убейдтің атында жалған төлқұжат болған.

"Бұл қылмыскер Бағдадидің орынбасары қызметін атқарды, сонымен қатар Салах ад-Дин провинциясындағы әскери әмір болды", делінген хабарламада.

Трамп қазан айында Сириядағы Идлиб провинциясында АҚШ арнайы күштерінің операциясы нәтижесінде әл-Бағдадидің жойылғанын хабарлады. Ол Ресейге, Түркияға, Сирия мен Иракқа әл-Бағдадиді жоюда көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты.

Кейін Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Игорь Конашенков Ресейдің АҚШ әскерилерінің әл-Бағдадиді «жою» операциясын жүргізгені туралы сенімді ақпарат жоқ екенін айтты.

Исламистермен байланысқан сайт Ислам мемлекеті өзінің жетекшісінің көзі жойылғанын растады деп хабарлады.

Талқылау