Вадим Борейко өз Facebook парақшасында сенбі күні оның Instagram-дағы барлық жазбасы өшіп кеткенін жазды. Ол аккаунтына кіре алады, бірақ парақшасында мүлдем жарияланымдар жоқ.

Былтыр оның TikTok-тағы аккаунты да дәл осылай өшірілген еді. Борейконың айтуынша, соңғы айларда Instagram мен Facebook оның ескі жазбаларын “мифтік ережебұзушылықтар” деп сылтауратып, ара-тұра өшіріп отырған.
Журналист Асхат Ниязовты бұған дейін де әлеуметтік желілерде бұғаттаған. Биыл күзде ол Алматы әкімдігімен болған жанжалдан кейін полицияға жеткізілген.
Қоғам қайраткері Санжар Боқаев осы уақытқа дейін жемқорлықты әшкерелейтін видеолар жариялап келді. Сондай-ақ утиль алымына қатысты ұстанымымен көпке белгілі. Оның аккаунтындағы жарияланымдар да өшірілген.
